"БІР КӘСІПТІ МЕҢГЕР" ТҮЛЕКТЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қоры және “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен Алматы Орталық мешіті жанынан ашылған “Бір кәсіпті меңгер” тігін курсының бесінші түлектері тігін курсын бітіріп шықты.
Бұл шараға “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы қаласы өкілі Пернебекұлы Темірбек қатысып, курсқа қатысқан нәзік жандыларға кәсіп турасында насихат айтып, сертификат табыстады. Сондай-ақ “Зекет және қайырымдылық” қоры атынан түлектерге “magnum” желісінің 10 000 теңгелік азық-түлік сертификаты берілді.
Жалпы “Бір кәсіпті меңгер” тігін курсында жыл аяғына дейін жетпіске жуық қыз-келіншектер бітіріп шықты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі