КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Алматы өкілдігінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Алматы Орталық мешітінің шәкірттері арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.
ҚМДБ Жастар ісі секторының Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Тимур Алиев жарысқа қатысушы команда мүшелеріне «Ислам және ізгі қоғам» жайында насихат айтып, маңызы мен жастар болашағы үшін пайдалы істерге көңіл бөлуде шәкірттерге сәттілік тіледі.
Ойын қызықты және тартысты түрде өтті. Сайыс ұйымдастырудың мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығы арттыру және жамағатты ұйымшылдыққа бастау болып табылады дейді ұйымдастырушылар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі