«МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРАЗАМ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ҚМДБ «Жастар ісі секторы» Алматы өкілдігі бойынша жауапты мамандарының ұйымдастыруымен жастар арасында «Менің алғашқы оразам» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға арнайы дәрігер мамандар, нутрицолог, диетолог және психолог мамандары шақырылды. Сала мамандары жаңадан ораза ұстауға ниет білдірген жастарға оразаға ағзаны қалай дұрыс дайындау керектігін түсіндірді. «Шараның мақсаты жаңадан ораза ұстаушыға толыққанды мәлімет беріп, қорқынышын сейілту», - болды дейді ұйымдастырушылар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі