ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНЕ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түрксіб ауданы "Фирали Ферғанұлы" мешіті "Рамазан қоржыны" қайырымдылық шарасын өткізді.
Аудан имамы Ержан Абдраманов бастаған дін қызметкерлері игі шара барысында Алматы қаласы, Тастақ шағын ауданы, 3-ші жедел жәрдем бөлімшесінің 100 қызметкеріне бір күндік ауызашар ұйымдастырылды. Бір кісілік дайын ауызашар мәзіріне күріштен дайындалған дәмді палау, тіске басар салат, ауыз аштыратын су мен құрма және жеміс-жидегі мен тәттілерден тұратын 100 қоржынды әрбір ақ халатты абзал жандардың қолдарына ұстатты. Мешіт тарапынан жасалған бұл сауапты амалға бөлімше қызметкерлері ақ көңілдерінен шыққан алғыстарын жаудырып, жұмсақ сөздері мен жылы лебіздерін аямады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі