«АЛЛА ЖОЛЫНДА АДАЛ ҚЫЗМЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Наурызбай аудандық «Әбу Бәкір» мешітінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.
Аталмыш қайырымдылық шарасында Алла жолында адал қызмет етіп жүрген мешіт қызметкерлеріне бір реттік қайырымдылық көмек көрсетілді. Күнделікті тұтынатын азық-түліктер салынған қораптар үлестірілді. Ауданның бас имамы Нұрбол Тағаев мешіт қызметкерлерінің рамазан айындағы екі еселенген еңбек жүктемесіне қарамай қалтқысыз қызмет барысына алғысын білдірді. Қасиетті рамазан айында мол сауаптарға кенелуін тілеп, дұға жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі