«ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ» КІТАБЫ ТАРАТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Марқұм ғалым, аудармашы, ұстаз Абсаттар Смановтың аударуындағы «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» еңбегі қала имамдары мен жамағатқа таныстырылып, 1900 дана қасиетті Құран Кәрімнің аудармасы қала мешіттеріне үлестірілді. Сонымен қатар Орталық мешіттің әйел жамағатына да Қасиетті Құран аудармасы үлестірілді.
Айта кетсек, «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы 10 мың данамен шыққан. Оған Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және Қазақстан мұылмандары діни басқармасының дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі