МИҒРАЖ КЕШІ ЖАЙЛЫ ЖҰМА УАҒЫЗЫ АЙТЫЛДЫ
ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Абай Құнанбайұлы мешітінде Миғраж түнінің артықшылықтары тақырыбында жұма уағызын айтты.
Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасайды. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолығады. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілерін көріп, бес уақыт намаз осы түнде парыз етілгені туралы жамағатқа жеткізді. Әсерлі жұма уағызынан соң, жамағатпен жұма намазы оқылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі