АЛМАТЫ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан өкілдікке қарасты 8 аудан имамдарымен кезектен тыс жиналыс өткізді.
Муфтият жоспарына сәйкес 2022 жылғы атқарылған іс-шаралар есебін қорытындылауға арналған жиналыста ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыс жоспарының атқарылуы пысықталды. Аудан имамдарына жыл аяқталуына орай қорытынды іс-шаралар, келелі кездесу мен мүфтияттың төл басылымдары газет пен журналға 2023 жылға жазылу арқылы оқырмандардың конкурсқа қатысуын қамтамасыз ету айтылды. Аудан имамдарын «Нұр Мүбарак» университетінің ақылы бөлімінде оқитын жағдайы төмен отбасыларынан шыққан шәкірттердің оқу ақысын төлеуге мұрындық болуға шақырды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі