АЛМАТЫ: «Chef Star» КАФЕСІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Chef Star» тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.
Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізілді. Тексеру жұмыс нәтижелері бойынша, «Chef Star» кафесі «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.