НӘРЕСТЕНІҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігіне қарасты “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасында “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы қаласы өкілі Пернебекұлы Темірбек қала тұрғыны Жадыра Дүненбаеваның ұлы Жұмабай Нәсіпжанның еміне 250 000 теңге қаржылай сертификатын табыстады. Нәсіпжанның дерттеріне шипа тілеп, дұға жасады. Нәрестенің анасы Жадыра демеушілік көрсеткен жандарға зор алғысын білдірді. Қайырымдылық іске атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі