«ЖАҚСЫЛЫҚ - ЖАН АЗЫҒЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас тимамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Түрксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешіті «Жақсылық – жан азығы» қайырымдылық шарасын өткізді.
Ережеп айындағы ізгі шаралар жалғасымен «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы «Әбу Ханифа» медресе шәкірттеріне «Исламдағы білімнің орны» атты уағыз-насихат жүргізді. Арнайы дастархан жайылып, келешектеріне кемелдік, бағыттарына бақыт тіледі. Елдің иманына деген қызметтері жақсылықтан басталатынын, дін жолында терең білім алып елге пайдалы маман болу керектігін айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі