"ЖАҚСЫ КІТАП ЖАН АЗЫҒЫ" САЙЫСЫНЫҢ ЖЕТІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Алматы қаласы Бостандық ауданы "Нұрлытау" мешітінің ұйымдастыруымен оқу ағарту және жастар ісі бағыты бойынша «Жақсы кітап жан азығы» атты кітап оқу сайысының 7-ші кезеңі өтті.
Айына бір рет өтетін бұл шараға Нұр-Мүбарак университетінің Phd докторанты, "Ақида сабақтары" кітабының авторы Ризабек Батталұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Додалы сайыста мешіт жамағаты «Ақида сабақтары» кітабы бойынша үш кезеңде өзара бақ сынады. Білім сайысына қатысқан барлық оқырмандарға кітап авторы Ризабек Батталұлы кітабына қолтаңба қойып, сертификаттар табыстады. Ал сайыста оза шапқан үздіктерге ақшалай сыйақы табыс етілді. Жамағатқа кітап жайында тағылымы мол видеороликтер көрсетілді. Ризабек Батталұлы ақида ілімінің маңызы және білім алудың артықшылығы төңірегінде насихатын айтты. Шара соңында Ризабек ұстазға қазақи дәстүрге сай шапан жауып, алғыс хат табыс етілді.
Сондай ақ Алла қаласа келесі жылы кітап сайысы жалғасын табатын болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі