АЛМАТЫ: БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Орталық мешітте "Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы" тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Батыржан Берденұлы қасиетті жұма күні Орталық мешіт жамағатына мұсылман адам әрдайым дүние-ақыретке пайдалы ізгі амалдарды көптеп жасауы қажет екенін айтты. Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға сүйікті деп танылған ізгі амалдың түрлеріне кеңінен тоқталды. Жұма хұтпасы айтылып, жамағатпен жұма намазы оқылды. Ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін дұға жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі