ДІНИ БАСҚАРМАДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР БОЛДЫ (ФОТО)
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиналысы өтті.
Бас мүфти Діни басқарма ұжымына осыған дейін Ғаламтармен жұмыс секторына жетекшілік еткен Серікбол Хасанды мүфтияттың «Мұнара» газетімен қоса «Иман» журналына бас редактор етіп, ал Ақпарат бөлімінің маманы Еркін Шәкірұлын «Munara TV» телеарнасының директоры қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
«Сіздер бұған дейін Діни басқарманың ақпарат саласында бірнеше жыл қызмет еттіңіздер. Осы салада жинақтаған тәжірибелеріңізді мүфтияттың медиясын дамытуға жұмсайсыздар деген сенімдемін. Алла Тағала жаңа қызметтеріңізге береке нәсіп етсін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сондай-ақ осыған дейін «Munara TV» телеарнасының директоры қызметін атқарған Нұржан Таласұлы арна басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. ҚМДБ Төрағасы Нұржан Таласұлына медиа саласындағы еңбегі үшін алғысын білдірді.