НАИБ МҮФТИ «МҮЗӘММИЛ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Әуезов ауданына қарасты «Мүзәммил» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын өткізді.
Қасиетті жұма күнінде «Нәпсі түрлері мен тәрбиелеу жолдары» тақырыбында уағыз айтылды. «Адам баласының жақсылыққа да, жамандыққа да бейім екендігі белгілі. Пенде бойындағы адамшылықтың шыңына бастар асыл қасиеттердің жиынтығы «ар-ождан» деп аталса, керісінше, кері тартып, кісіліктен бездіретін күшті – нәпсі дейміз. Ар-ұят, адалдық, әдептілік, жанашырлық секілді адамгершілік қасиеттер – ұжданға тиесілі болса, тәкәппарлық, көре алмаушылық, мақтаншақтық, жалқаулық, дүниеқоңыздық сынды жағымсыз мінез-құлықтар – нәпсіге тән. Сол себепті пенде нәпсісін ең жаман қалауларымен күресіп, оны тәрбиелеуі қажет», - деген наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мешіт жамағатымен бірге жұма намазын оқыды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі