АЛМАТЫ: ӨЗГЕ ҰЛТ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)
Аққулы ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 19:23

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:56 05:25 11:45 15:56 17:54 19:23
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: ӨЗГЕ ҰЛТ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай алғаш рет өзге ұлттан шыққан имамдар арасында «Тіл – достық көпірі» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.

Жетісу ауданына қарасты «Абай Құнанбайұлы» мешітінде өткен сайысты ҚМДБ Алматы өкілдігі ұйымдастырса, мақсаты – өзге ұлт өкілдерінен болған дін қызметкерлері арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тіл тазалығы мен сөз өнерін насихаттау.

Тартысты өткен сайыста жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, филология ғылымдарының кандидаты, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төреәлі Қыдыр, PhD доктор Тимур Әкімханұлы және Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қазылық етті.

Сайысқа Алматы қаласындағы мешіттерде қызмет ететін өзбек, шешен, тәжік, ұйғыр, дүнген ұлтынан шыққан 21 имам қатысты. С.Елубайдың «Ақ боз үй» кітабының мазмұнын айтып беру, 7 тақырыпта мақал-мәтелдерді жатқа айту және сауаттылық сайысы (қазақ тілінде диктант) кезеңдері бойынша өткен сайыста топ жарған дін қызметкерлері қаржылай жүлделермен марапатталды.

«Сіздер, елді бірлікке бастап жүрген азаматсыздар. Жастар сіздерге қарап бой түзейді. Қазақ тілін дамыту мақсатында өтіп жатқан сайыс – мемлекеттік тілге көрсетілген құрмет. Алматы қаласының бас имамы ұйытқы болған бұл шараның маңызы зор деп санаймын» деді жазушы С.Елубай. Сонымен қатар қаламгер өзінің туындысын имамдардың оқып, осы роман бойынша сайысқа түсіп жатқандығына ризашылығын білдірді.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан 7 бағыттың бірі – дін мен дәстүр. Имамдар арасындағы бұл сайыс қазақ тілінің мәртебесін және дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге бағытталған. Барша имамдарымызға Алла жар болғай» деді наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы.

Тілдік білім деңгейі мен сөз өнерінде ерекше көзге түскен Наурызбай ауданына қарасты «Нұр» мешітінің ұстазы Мұхаммедәмин қари Басиев бас жүлдені қанжығасына байлап, Ұмра қажылығына жолдама алды.

I орынды иеленген Алатау ауданындағы «Нұр» мешітінің наиб имамы Абдрахман Сұлтанов 100 000 теңге қаржылай сыйақыны жеңіп алса, II орын Медеу ауданындағы «Фатима» мешітінің азаншысы Мұхаммеджан Расулметовке бұйырып, 70 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал III орынға табан тіреген Алатау ауданына қарасты «Нұр» мешітінің наиб имамы Бахрам Асановқа 50 000 теңге берілсе, сайыста белсенділік танытқан өзге 5 имамға 10 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды. Одан бөлек сайысқа қатысушы барлық имамға қаржылай сыйақы үлестірілді.

Алғаш рет өткізілген сайыс жөнінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан: «Сайысты өткізудегі басты мақсат – қазақ тілі мен салт-дәстүрді дәріптеу. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінен болған имамдарымыздың қазақ тілінде еркін сөйлеп, жамағатпен жақын араласу деңгейін көтеру және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Бұл шара өз жалғасын табады деген сенімдеміз» деп атап өтті.

Білім сайыс Алматы орталық мешітінің YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Сайыс қатысушылары алдағы уақытта да осындай игі бастама арқылы дінге қызмет, ұлтқа, қазақ тіліне құрметті күшейтетін жоба жалғасын тапса екен деген тілекпен тарқасты.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

АЛМАТЫ: ҚАЛА МЕШІТТЕРІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТКІЗІЛЕДІ
ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынды.
АЛМАТЫ: ҚМДБ НАИБ МҮФТИІ ҚАЛА ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін 2021 жыл 4-қараша күні Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Ихсан ілімі ізгілікке тәрбиелейді»  атты тақырыпта қала имамдарымен жиын өткізді....
АЛМАТЫ: "МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН..." КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Нұр-Мүбарак университетінде "Мемлекет және дін.." кітабының тұсаукесері өтті.
БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен елордада «Тұлғасы биік тәлімгер» атты Мәуліт кеші өтті.
Алматы: «Honmil» наубайханасы сертификатталды
Алматы қаласында орналасқан заманауи кәсіпорындардың бірі – «Honmill» наубайханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
АЛМАТЫ: МЕРЕЙЛІ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен мәуліт оқылды. Шарапаты мол мерейлі мәуліт айының құрметіне өткізілген кезекті іс-шараға ҚМДБ наиб мүфтилері ұстаз  Сансызбай Құрбанұлы, Кенжеәлі қажы Мырзабаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және дін қызметкерлері ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:23

Бамдатқа дейін 03:14

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi