ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ
Степногорск
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:49
Степногорск
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Степногорск
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:10 07:47 12:05 14:24 16:12 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ОРАЗАНЫҢ СЫРЫ

| A | +

Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылманға міндеттелген парыз амалдардың бірі.

Құранның «Хаққа» сүресінің 24-аятында: «Өткен күндерде атқарып, осы жерге жолдаған игі де сауапты амалдарыңның қарымы ретінде тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!» – деп айтылған. Бұл аятта пәни дүниеде пайдалы да сауапты амал жасап, ақыретте ізгілігінің сыйын үміт ететіндер жайлы айтып тұр.

Ибн Аббастың (Алла оған разы болсын) шәкірті Мұжахид (Алла оған разы болсын): «Аят ораза тұтушылар хақында түскен. Олар Алла разылығын көздеп, Жаратқанның сыйын үміт етіп ас пен судан, ерлі-зайыптылық рақаттан тыйылғандар», – деп тәпсірлейді. Алланың разылығын ниет етіп бір нәрседен тыйылған кісіге, әлдеқайда жақсы нығмет берілетіні ақиқат.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жәннатта ораза тұтқандарға арналған қақпа бар. Ол – Раййан деп аталады. Одан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Ең соңғы ораза ұстаған адам кірген соң қақпа жабылады. Ол қақпадан кірген жанға сусын беріледі. Сол сусынды ішкен адам мәңгілікке шөлдеу дегенді ұмытады», – дейді. Міне, бұл аятта оразаның маңызы айтылуда. Сонымен қатар осы құлшылықты орындағандарға берілетін Алланың сыйы баяндалуда. Ал мына хадисте: «Жәннатта сарайлар бар. Әсемдігінен сыртынан іші, ішінен сырты көрінеді. Алла бұл сарайларды жұртты тамақтандырған, сөзі жұмсақ болған және оразасын тұтқан әрі адамдар ұйқыда жатқанда намаз оқыған құлдарына әзірлеп қойды», – делінген (Ахмад). Ораза – ықыласпен байланған, көзбояушылық кіре алмайтын жалғыз құлшылық. Хадисте төрт амал айтылуда: дастарқан жайып дәм беру, дөрекіліктен сақтанып әр сөзінде жұмсақ болу, оразасына берік болу және түнде намаз оқу.

Яқұб бин Юсуф (Алла оған разы болсын): «Алла Қиямет күні сүйікті құлдарына: «Уа, достарым! Жалған дүниеде еріндерің қабарып, әлсіредіңдер. Бүгін нығметтеріңді еселеп алыңдар», – деп айтады дегенді ұстаздарымыздан естідік», – дейді. Ораза тұтқан адам періште табиғатына енеді. Ондай мұсылман періште сияқты тамақ жемейтін, сусын ішпейтін күйде құлшылық етеді. Сондай-ақ он екі мүшесімен күнә атауынан аулақ болғандықтан, күнәні ойламайтын періштелердей болмақ. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза тұтқан кісінің ауызашар сәтінде кері қайтарылмайтын бір дұғасы болады», - деген (Ибн Мәжа). Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөзіне ерекше мән беріп, ауызашар уақыты таяғанда ізгі тілектерді сұраған жөн екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ жоғарыдағы хадисті мына риуаят қуаттай түседі: «Үш кісінің дұғасы кері қайтарылмайды: әділ басшының, ораза тұтқан адамның ауызашар кезіндегі дұғасы және жәбір көрген жанның наласы...».

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак сөздерін жаттауға өмірін арнаған сахабаның оразасы жайлы айтып өтсек. Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) және оның жолдастары ораза тұтып, мешітте отырып: «Оразамызды таза ұстайық», – дейді екен. Олар оразаның қасиетін кетіретін, сауабын азайтатын қажетсіз сөзден, артық әңгімеден сақтанатын. Себебі хадисте «Кімде кім жаман сөзі мен ісін доғармаса, оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Аллаға ешбір қажеті жоқ» (Бұхари) делінген. Бұл хадисті Әбу Хурайраның өзі риуаят еткен. Ол ораза жайлы былай деп еске алады: «Он бес түйір құрмам бар екен. Бесеуімен аузымды аштым. Сәресіде бесеуін жедім. Қалған бесеуін ауызашарға алып қалдым».

Сахабалар бізге үлгі-өнеге. Демек ораза тоңазытқышты толтырып қойып, тұтылмайды. Ораза ұстау үшін Аллаға сенім қажет. Оразада аз тамақтануды әдетке айналдырған жақсы. Бұл түнде құлшылық етуге мүмкіндік береді. Ал ауызашар дастарқанынан тойып тұрған адамның бойын жалқаулық пен ұйқы басады. Әбу Хурайраның түнгі құлшылығы ерекше еді. Ол отбасымен түнді үшке бөліп алатын. Алғашқы бөлігінде өзі ғибадат ететін. Екінші бөлігі кіргенде жұбайын оятатын. Соңғы бөлігі кіргенде қызын намазға тұрғызатын. Осылайша ұлық сахабаның шаңырағында түні бойы құлшылық үзілмейтін. Ең бастысы түнгі намаз тек Рамазан айымен шектелмейтін. Жыл он екі ай осылай ғибадат ететін.

Демек оразаның сыры – нәпсіні тәрбиелеу әрі мінезді түзету, көркем мінезде мінсіздікке ұмтылу. Сондықтан да ораза – асыл дініміздің негізі болып табылатын бес парыздың бірі. Ораза жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі екені хақ.

 

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА,

 Алматы қаласы 

Әйел-қыздар секторының

жетекшісі

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН
Қадір түні – түндердің ең қайырлысы. Хадисте айлардың қайырлысы – Рамазан, түндердің қайырлысы – Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма екені айтылған.
Рамазан ҚАДІР КЕШІНІҢ ҚАСИЕТІ
Қадір түні деп аталуының өзі айтып тұрғандай қадірлі де, шарапатты түн. Алланы мадақтап, ұлықтығын мойындап, тек сол Алладан жәрдем тілеп, пана табатын түн. Адамзаттың тарихында қайталанбайтын оқиға, Алланың сөзі - Құранның түскен түні....
Рамазан АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
Алланың адамзат баласына берген ең үлкен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады....
Рамазан ЗЕКЕТ - НАМАЗДЫҢ ҚОРҒАНЫ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандық қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар: «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз», - деп малының ақысын беруден бас тар...
Рамазан ТАРАУИХ - РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Міне айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда пенде Алла разылығы үшін ораза тұтып, соның жақсылығын ақыреттен күтеді. Рамазан айындағы әр құлшылықтың сауабы еселеніп қайтады деп жатамыз. Сондай сауапты амалдардың бірі «Тарауих» намазы. Тарауих намазы мұсылмандардың бойы...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi