ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Целиноград ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:58
Целиноград ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Целиноград ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:06 07:39 12:07 14:38 16:25 17:58
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Бас имам блогы

ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?

Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады. Міне, хадисте осындай сүйінші хабар бар. Қасиетті Мекке мен Мединаға барып, қажылық жасауды армандамайтын мұсылман жоқ шығар. Келесі жылдан бастап, елімізден ұлы сапарға баратын қажыларға бірқатар талаптар енгізіліп отыр. Әуелі өзгерістер туралы айтпас бұрын қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысты мәселелерге тоқталсақ.

Жыл сайын Бас мүфти бастаған муфтият делегациясы Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігімен келісім-шарт жасасып, соның негізінде алдын ала қажылық орындары бөлінеді.

Саудия министрлігінің елімізге бөлген қажылық орындары қай мекемеге табысталады? Әрине, бұл міндет республикалық ислами діни бірлестік ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жүктеледі.

Себебі қажылық ол – ғибадат. Бес парыздың бірі. Ал, енді діни басқарма коммерциялық мекеме болмағандықтан қажылық қызметінің техникалық жағын ұйымдастыру жоспарлы конкурстан іріктелген жеке туроператорларға табысталады. Муфтият тарапынан арнайы қажылық миссиясы құрылады. Миссия міндеті – туроператорлардың қажыларға қызмет көрсету сапасын қадағалаудан бастап, қажылық рәсімдерінің дұрыс орындалуы, қажылардың денсаулығы мен қасиетті орыннан отандастарымыз жайлы дер кезінде ақпарат таратуын және т.б. жағдайларды жіті бақылау. Сондай-ақ, муфтиятқа қарасты ұстаздардың қажыларға уағыз айтуын қамтамасыз етеді.   

Елімізде 2024 жылы 17 туроператор қажылыққа ниет еткендерге қызмет көрсету құқығына ие болды. Демек, конкурстан өткен 17 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі.

Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Нұр-Қазақстан» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова и К» ТС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.                                      

Енді енгізілген өзгеріске тоқталайық. Қазақстандық қажылық компаниялар 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін келесі жылы қажылыққа баратын азаматтарды базаға тіркеп, тиісті төлемдерді жасап үлгеруі тиіс. Негізі бұл талап – Сауд Арабия Королдігі Қажылық және ұмра министрлігі тарапынан бұрыннан бар. Біздің еліміз үшін жаңалық болғанымен басқа елдер осы талап негізінде жұмыс жасайды.  

Көптеген мемлекеттерде қажылыққа баратын азаматтар  әуелі кезекке тұрады, сосын жеребе арқылы анықталады. Алысқа бармай-ақ, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің қажылары осы талап бойынша қажылыққа аттанады.     

Сондықтан келесі жылы қажылыққа ниеттенген отандастарымыз аталған 17 туроператордың біріне ертерек тіркелуге асығулары қажет. Әлі уақыт бар, үлгереміз деп немқұрайлы қарауға болмайды. Талап өзгеріп жатыр. Сондықтан келер жылы қажылыққа ниет еткен мұсылман жамағатын ертерек қамдануға шақырамыз!

 

Қажылық компанияларына құлаққағыс

Еліміздегі қажылықпен айналысып жүрген туроператорларға қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып өтсек.

Біріншіден, қажылық жарнамасы. Өкінішке орай, қажылық компаниясын (әсіресе ұмра қажылығына) жарнама жасау кезінде қағбаның дәл қасында яки басқа да құлшылық алаңдарында боянып алған қыздардың яки қол ұстасқан ерлі-зайыптылардың жарнама жасауы жиілеп барады. Бұлай қасиетті жердің қадірін түсірмейік.  Шын барғысы келген адам боянып-сыланған қызға қарап, қағбаға бармайды. Бұл өте ұят. Бұндай дарақылықты тоқтатайық!  

Екіншіден, өткен қажылық маусымында арнайы рұқсаты жоқ қажылық компаниялардың заңсыз жолмен қажылыққа алып баруының кесірінен біршама отандастарымыз тірнектеп жинаған қаржысын төлеп, Меккеге барып тұрып, қажылықтарын өтей алмай қайтты. Мұсылман адам үшін бұдан асқан қорлық бар ма?!

Қажылықтың парыз амалдарының бірі (ихрам кию, арафатта тұру, зиярат тауабын жасау) орындалмаса, қажылық парызы өтелген болып саналмайды. Яғни, қаржылық мүмкіндігі болса, қайта барып, орындауы тиіс. Ал енді уәжіп амалдары орындалмаған жағдайда онда құрбан шалу секілді өтемі жасалады. Яғни, каффарат қажет етіледі. Қасиетті орынға аса маңызды құлшылықты орындауға баратын адамды заңсыз жолмен апару дұрыс емес. Мұны шариғат та, заң да құптамайды. 

Мысалы, өткенде Меккеге барып тұрып, қажылығын орындай алмай елге қайтқан адамдар енді қайта қаржы жинап қажылыққа бара алады ма? Ондай мүмкіндік енді ол кісілерде бола ма? егер қажыға барам деп жүріп дүниеден өтіп кетсе ше? Сол кісілердің қажылығының өтемін кім мойнына алады? Үлкен сұрақ!

Сондықтан қажылық компанияларының басшылары осы жауапкершілікті сезінсе екен дейміз. Біреудің құлшылығын аяққа таптамайық. Керісінше, мұсылман жамағатының арманы болған қажылық ғибадатын дұрыс орындауына мүмкіндік жасайық!

 

Туроператор мен Турагенттер

Биыл конкурстан өткен 17 туроператор бар дедік. Енді умраға апарып жүрген басқа да туристік компаниялар бар. Байқауға жіберілмеген туристік компаниялар да қазақстандықтарды қажылыққа апара алады. Ол үшін мұндай туркомпаниялар конкурстан өткен 17 туроператордың бірімен агенттік келісім-шарт жасауы тиіс. Бірақ, олар ары кеткенде 100 адамды ғана қажылыққа апара алады. Сондықтан, қажылыққа баратын адам туроператордың келісім шарт құжаттарын тексеріп алғаны жөн.   

 

Қажылыққа заңсыз апару шариғатқа қайшы

Қалай сонда қажылыққа да заңсыз жолмен апарады ма деген орынды сұрақ туындайды? Үлкен қажылыққа арнайы қажылық визасымен кіруге рұқсат етіледі. Ал, ол қажылық визасы Қазақстанда жоғарыда  айтылған 17 туроператорға ғана беріледі. Кейбір турагенттер туристтік визамен апаруға тырысуы мүмкін. Бірақ, қажылық визасы болмаған адамдарды құлшылық ету алаңдарына яғни, қағбаға, арафат тауына кіргізбейді. Тіпті, әр елге қанша квота бөлінеді, соған сай, қонақ үйлер мен Муздалифа, Мина, Арафаттан арнайы орындар қарастырылады. Ал, заңсыз барғандарға құлшылық алаңдарынан ешқандай орын бөлінбейді. 

Сосын олар не істейді? Әртүрлі жолдармен келісіп, заңды түрлі айла-тәсілмен бұзып, қажылық алаңдарына кіргізуге тырысады. Сосын апарған қажыларын алдау, оларды ішке кіргізу үшін жалған құжат жасау т.б. түрлі заң бұзушылықтар орын алады. Құдайдың өзі қонақ етіп шақырған адам, қаражатын толық төлеген соң неге ұрлық жасап қойған адам сияқты Қағбаға қашып кіруі керек. Мұндай заңсыздыққа жол берілмеуі тиіс.

 

Қажылардың назарына

Соңғы мәселе, қажылыққа барғысы келетін азаматтар нені ескерулері тиіс. Бірінші кезекте, рұқсат етілген 17 туроператордың бірімен байланыс орнатыңыз. Құжаттарын тексеріңіз. Қажылықты өтеу сізге парыз. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыз. Қашып-пұшып баратын заңсыз жолды таңдамаңыз. Ақшаңызды толық төлеп, бүкіл ағайын-туысыңызға бір шәугім шәйіңізді беріп, елден Алланың үйін зиярат етуге шыққан соң дұрыс жолмен барған жөн.

Алла Тағала баршамыздың құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей! Қажылыққа ниет еткен баршаға ұлы сапар қажылыққа бару нәсіп болғай! Әумин!

Қажылыққа қатысты толығырақ ақпаратты +7700 100 12 46, +7700 100 12 47, +7708 015 98 97 байланыс номерлерінен алуға болады.

  

Алматы қаласының

бас имамы

Төлеби Оспан

Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Ағымдар мен секталар ШИҒА ШЫҒАРҒАН ШЫРҒАЛАҢ
Имам Маликтің замандасы, хадис ғалымы Шағби: «Уа, Малик! Мен барлық адамның табиғатын зерттедім. Мыналар сияқты ақымақ елді көрмедім. Бұл жануар кейпінде болса есек, құс бейнесінде болса құзғын болар еді», – деп шиғалардың болмысы жайлы ой бөліскен екен....
Қоғам ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан атты елдің Конституциясына негізделген заң бойынша еліміз өзінің тұрақтылық жолын толеранттылықтан бастаған. Толеранттылық ізгілікті, дұрыс іс ретінде қарастырған. Толеранттылық елімізде өмір сүріп жүрген халықты бүтіндікке алып барар жол....
Пайғамбар өмірбаяны МЕЙІРІМ ПАЙҒАМБАРЫ
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі айтқан бес есімінің бірі – мейірімділік пайғамбары. Құран Кәрімде: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет (мейірімділік) етіп жібердік», – деп («Әнбия» сүресі, 107-аят) Алла Елшісінің миссиясы мейірімділікке негізделгенін паш етеді....
Қоғам АТА ЗАҢ - ЕЛ ТІРЕГІ
Ата заң – елге қызмет етіп, халықтан құралған мемлекетте ізгі қоғам құру әрбір парасат иесіне жүк.
Ғұламалардың өмірбаяны ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ӘБУ ХАНИФА МЕН АБАЙ
Бұл дүниеде өмір сүрген кезден бастап дінмен (наныммен) тығыз қарым-қатынаста болған түркілер, Қарахандар кезеңінде, сонымен қатар Саманидтер дәуірінде Ислам дінінің Сүнниттік Ханафи бағытын қабылдаған болатын. Яғни, өздерінің Ислам туралы түсініктерін Ханафилік бағыты шеңберінде құрды. Ханафи мазха...
Ислам тарихы ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
Жаны саудың – тәні сау демекші, асыл дініміз адамның жан дүниесінің тепе-теңдігімен қатар физиологиялық денсаулығына да ерекше көңіл бөледі.
Рамазан ҚИСАПСЫЗ САУАПҚА КЕНЕЛТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Қырық жасқа келген шағы. Әдеттегідей Хира үңгірінде бір-екі жұма қылуетте отыратын. Кенет ақ киімді бейтаныс кісі пайда болды. Әй-шай жоқ: "Оқы", - деді. "Мен оқуды білмеймін", - деді....
Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
Мәнһәж СҮННЕТКЕ АМАЛ ЕТУ
Қазақ атам мұсылманшылыққа мойынсұнған күннен бастап, сүннетті салтым деп білген. Салт-дәстүрімізге сүннеттің сіңгенінің арқасында атеистік саясат замандарында да біз асыл дінімізден айырылмадық....
Қажылық «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар....
Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
Пайым-парасат ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандықты қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз» деп малының ақысын беруден бас тартт...
Ислам күнтізбесі АЙТ - ШҮКІРШІЛІК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
Рамазан ҚҰРАН ТҮСКЕН ТҮН
Қадір түні – түндердің ең қайырлысы. Хадисте айлардың қайырлысы – Рамазан, түндердің қайырлысы – Қадір түні, күндердің қайырлысы Жұма екені айтылған.
Рамазан ЗЕКЕТ - НАМАЗДЫҢ ҚОРҒАНЫ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандық қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар: «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз», - деп малының ақысын беруден бас тар...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:58

Ардақты ағайын, қадірменді бауырлар! Адамзаттың абзалы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – мәуліт мерекесі мүбарак болсын.
Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады. 
Күллі мұсылман қауымы құрмет тұтар мерейлі мәуліт - салауат пен тәлім-тәрбиеге толы рухани басқосулар айы. Екі дүние сұлтаны: «Кімде-кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он жарылқау береді», - деп сүйіншілеген. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда.
Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал пайғамбардың өнегелі өмірі мен өсиетін, ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – дін жанашырына ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы сәті. Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға шексіз нығметі мен рақымын төгіп мерейін өсіруде. Ал, Оның періштелері пайғамбарға үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар!», - деп ардақты пайғамбарымызға салауат айтуға үндейді.
Тағылымы мол мәуліт айында Алланың қолдауымен әз пайғамбар сүннеттерін жандандырып, туған-туыстарымызға жақсылық жасауды нәсіп етсін. Бүкіл ғаламға Алланың мейірімі етіп жіберген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Осынау мәуліт мерекесі барша мұсылмандарға құтты, берекелі ай болғай! Алла Тағала тәуелсіз елімізге тыныштық, халқымызға берекет жаудырып, бірліктен айырмасын. Ел үшін игі істерімізді Алла қолдап дұғамыз қабыл болсын!

 

Алматы қаласының бас имамы

Төлеби Оспан
 
 

Бүгінгі күні білім нәрімен сусындауға қадам басушы әрбір шәкіртті һәм ұлағатты ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтаймын! 
 Әлем екінші ұстаз деп танитын ғұлама Әл-Фараби бабамыз: «Бүгін, сіздің ыждаһаттылықпен білім алуыңыз отанымыздың дамуына жасалған үлкен үлес», - деп айтқанындай әрбір білім алушының мақсаты да ел игілігіне қызмет етуіне негізделгені абзал. Ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді», - дейді. Расында, білімді терең меңгерген тәлімгер арасынан білікті дәрігер, кәсіби мұғалім, мықты құрылысшы, инженер, ғалымдар шығады. Ал, білімді болмақ үшін сол білім қазынасы болған мұғалімдерді құрметтеу әрі әр сабағын бар ықыласпен оқу қажет. Себебі, ата-бабамыз: «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты», - дейді. Құрметті балалар, оқушылар мен студент шәкірттер!
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймын! 1-қыркүйек білімнің, жаңа жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
 
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені, Конституция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Сондықтан да бір шаңырақ пен ту астын мекен еткен халықтың тірегі һәм сүйеніші болған Ата заңға құрмет – ұлт болашығы үшін де аманатты іс болмақ. Алла Тағала еліміздің тәуелсіздігін баянды етіп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттырып, жақсылығы мен берекесін жаудырғай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!


Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан 

Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар.

Қажылық дегенде көз алдымызға әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүз мыңдаған мұсылмандар және көне үй – Қағба мен зәм-зәм суы елестейді. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...(қабыл болған) қажылық өзінен алдыңғы күнәларды жоқ етеді...[2]» деп айтқанындай, бұл сапар адам өмірін екі кезеңге бөліп жібереді. Қажылыққа дейінгі сіз бен қажылықтан кейінгі қалпыңыз. Осы өзгеріс – қажылық мұраттарының бірі.

Толығырақ «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ? (azan.kz) оқи аласыз?

Сүйікті пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мерекенің басталуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – айт намаз оқу, сосын үйімізге қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, оның құрбандығының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», - деген. Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, айт күндері атқаратын игі амалдарымызды қабыл еткей! Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар (зекет беру парыз болған мұсылманға құрбандық шалу – міндет) әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалғаны жөн.
Бұл ғибадат – Құрбан айт намазынан кейін айттың үш күнінде орындалады. 
Құрбан айт құтты болсын! ҚҰРБАН АЙТ - 2023

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», - дейді. Сонда Хақ Тағала: «Періштелерім! Менің құлдарым оларға міндеттеген парызымды орындап, Маған дұға ету үшін айт намазына шықты. Өзімнің құдіреттілігім, ұлықтығым, жомарттығым, жоғары мәртебе және дәрежеммен ант етемін! Мен олардың дұғасын қабыл етемін!», - деп, кейін пенделеріне: «Қайта беріңдер! Мен сендердің күнәларыңды кешіріп, жаман істеріңді жақсылықпен ауыстырдым», - дейді. Осыдан соң адамдар күнәлары кешірілген халде қайтады», - делінген.

Мінекей, ораза ұстаушы жан осылайша Жаратушы Иеміздің арнайы сыйына кенелумен рамазанды олжалы аяқтайды. Өкінішке орай, рамазан айымен қимай қоштасамыз. Біз он екі айдың сұлтанын ерекше дайындықпен қарсы алуға әрекет еттік. Құтты айда оразаны мейлінше Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей етіп тұтуға барымызды салдық. Күндізін оразамен, ал түнін намаз оқып өткіздік. Құран тиләуат ету, тарауих намаздарында сағаттап тұру және дұғамен өткізуге ұмтылдық. Рамазанға дейін қандай болдық, одан кейінгі рухани жағдайымыз қалай өзгерді? Рамазан айында иманның ләззатын біршама сезінгендей болдық. Алайда, осы оразадағы ахуалымызды келесі рамазанға дейін сақтай аламыз ба? Ендеше, рамазан айынан кейін рухани қалпымызды сақтап қалу үшін бірнеше аятты басшылыққа алуға кеңес береміз.

Бірінші аят. Өзгеруді өзімізден бастайық.

إِنَّ اللَّهَ لا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُوا مَا بِأَنفُسِهِمْ

«Расында қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді...» (Рағыд сүресі, 11-аят).

Мәселен, сіз – әкесіз. Сіз – бала-шаға мен жұбайыңызға әрбір іс-әрекетте үлгі тұлғасыз. Отбасы тәрбиесіне қатысты ұл-қызыңызға көптеген жақсы ой салатын сөздерді көп айтатын шығарсыз. Бірақ, сол сөздер сіздің жүріс-тұрысыңыздан көрініс таппаса, айтқан сөзіңіз желге кетеді. Зая болады. Темекі шегіп тұрып, балаңызға «темекі шекпе» дегеніңіз қаншалықты өтімді болмақ. Демек, бала-шаға мен әйеліңіздің жақсы болуын қаласаңыз ең әуелі сол жақсылыққа бейімділік өзіңізден көріну керек. Ұжымда да, ағайын-туыс арасында да осы қағида бойынша әрекет еткеніміз жөн.

Екінші аят. Еңбегіміз зая кетпесін.

وَلَا تَكُونُوا كَالَّتِي نَقَضَتْ غَزْلَهَا مِن بَعْدِ قُوَّةٍ أَنكَاثًا

«Жібін жақсылап иіріп алғаннан кейін қайта тарқатып жіберіп, бүкіл еңбегін еш қылған байғұс әйелге ұқсап...» (Нахыл сүресі, 92-аят).

Бұл керемет жол көрсетуші аят. Иә, рамазанда басқа айларда жасамаған көптеген ізгі амалдарды жасадық. Қайырымдылық не екенін де үйреніп, біраз адамға көмек те бердік. Бірақ, рамазан кетті деп, той бітті дегендей рамазаннан алдыңғы қалпымызға қайта түсу – қателік. Аяттың меңзегені осы. Яғни, күні бойы аш жүріп ауыз бекітіп, Құран оқып, түндерде тарауихта тұрып, жақсы жағынан өзгеруге тырысып жасаған амалдарымыз бейне бір иірілген жібі тарқатылып кеткені секілді еңбегіміз еш кетпесін! Қысқасы, рамазаннан кейін оразадағы алған иман қуаты артпаса кемімеуі тиіс.

Үшінші аят. Туралықтан танбайық.

فَاسْتَقِيمُوا إِلَيْهِ وَاسْتَغْفِرُوهُ

«...Ендеше Оған тұппа-тура бет алыңдар және Одан күнәларың үшін кешірім тілеңдер...» (Фуссылат сүресі, 6-аят).

Рамазан жүректегі иманға серпіліс берді. Рамазан айында рухани ауаны жұтып, оның әсерін айналадан сезіне алдық. Пендешілікпен ағайын-туыс, көрші-қолаң және әріптестің арасына түскен сызатты жойып, қайта татуластық. Көңілдегі реніш кетті. Ендеше, осы алған тура бағытымыздан танбау сіз бен бізге ұлы бір міндет.

Рамазан – бізге нәпсіні тізгіндеуді үйретті. Өзгеге көмектесуді үйретті. Рамазан – бізді Құранға ғашық етті. Сағаттап құлшылық жасауға тәрбиеледі. Рамазан – бізге сабырлы адамның бейнесін көрсетті. Райяан қақпасын қағармыз деген үміт сыйлады. Рамазан – Жаратқанның Өзі ғана өлшеп беретін сауапқа жетеледі. Рамазан арқылы Жаратқанға жақындауға тырыстық.

Ендеше, ораза ұстаған бауырым, рамазаннан кейін осы асыл қасиеттерді бойымызға сіңірген қалпымызда қалуға тырысайық! Құран – әрқашан айнымас досыңыз болсын. Сабыр – әрбір жетістікке жетуге, әр шыңды бағындыруда жәрдемші болсын. Жомарттық – мұқтажға көмек қолын созуға жетелесін. Бойыңыздағы күш-қайрат елді елдестіруге, жақсылық жасауға жұмсалсын. Білім-парасатыңыз – Алланы тануға, жағымды жаңалық ашуға арналсын. Батырлығыңыз – әлсізге күш көрсетуге емес, оларға қорған болуға бағытталсын. Рухани жаңғыруға жол ашқан Рамазанмен қайта қауышуды Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әмин!

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi