«ӘБУ БӘКІР» МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Наурызбай аудандық дін қызметкерлері өкілдіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысу семинарын өткізді.
Семинарға ауданға қарасты мешіттердің бас имамдары мен наиб имамдары қатысты. Наурызбай ауданының бас имамы Нұрбол Тағаев мүфтият жоспары негізінде Алматы өкілдігінің 2023 жылдық жоспарын аудан имамдарына таныстырып, атқарылатын іс-шараларға тоқталды. Мешіттерде оқыс оқиғаның алдын алып, тәртіпсіздік болдырмау турасында айтылды. «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ауданда атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітіп, имамдардың белсенділік танытуын тапсырды. Семинар соңында Алла жолындағы имамдардың қызметтеріне береке сұрап дұға жасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі