«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын өткізді.
Алла үйіне өтініш қалдырған көмекке мұқтаж 10 отбасына тұрмыстық қажеттіліктер мен азық-түліктер салынған себеттер үлестірілді. Жалпы көлемі 300 мың теңгеге жуық қаражат мешіттің жанашыр азаматтары арқылы жұмсалды. Берілген көмек қоржыны салмағы 50 кг құрайтын күнделікті азық-түлістермен толтырылды. Сонымен қатар Алатау ауданы бойынша қайырымдылық істері жалғасуда. Шағбан айының құрметіне мұқтаж отбасыларға қаржылай қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс айтылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі