АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы жылдық жұмыс жоспарымен танысты.
Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізіндегі өкілдік бекіткен 2023 жылға арналған жылдық жоспар таныстырылды. Жиынға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы мен Алматы Орталық мешітінің ұстазы Талғат Дайрабайұлы қатысты. Шаһардың сегіз аудандық мешіттеріндегі «Әйел-қыздар» секторына жауапты ұстаздар бас қосуында алдағы атқарылар іс-шаралар талқыланып, жауапты ұстаздар бекітілді. Қоғамдағы маңызды тақырып, атап айтсақ отбасы, жастар ісі, тәрбие мәселелерінде басқосулар, семинар, форумдар өткізу арқылы ару Алматының нәзік жанды жамағатын ауызбіршілікке баулу және дін мен дәстүр сабақтастығын жаңғыртудағы айтулы шараларды бірлесіп атқаруға сәттілік тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі