Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !!!
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында көне түркі тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуды тапсырған болатын.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы аталмыш тапсырмаға сәйкес көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген бабалар кітаптарын оқуға арналған курстар ашуды қолға алды. Осыған орай алғашқы рет Алматы Орталық мешіті жанынан көне түркі тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курс ашылғанын хабарлаймыз. Курс жалпы жамағатқа арналады. Аптаның сәрсенбі және жұма күндері ақшам намазынан соң мешіт дәрісханаларында өтеді. Тіркелу үшін 8 778 629 76 21 (Ерлан ұстаз) хабарласу керек.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі