ТҮРКСІБ АУДАНЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Алматы қаласы Түрксіб аудандық "Фирали Ферғанұлы" мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
"Жақсылық - жан азығы" акциясы аясында Түрксіб ауданындағы көп балалы отбасыларына күнделікті тұтынатын азық-түлік жиынтығы салынған себеттер үлестірілді. "Фирали Ферғанұлы" мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы жақсылық пен мейірім жайлы жылы лебіз білдіріп, демеушілерге алғыс білдірді. Көмек алған отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне алғыстары мен ақ баталарын жаудырып, елге тыныштық, жерге бейбітшілік тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі