«ӘЛ-МАДИНА» МЕШІТІ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ҰСЫНДЫ
Алматы қаласы Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітінде Алғыс айту күніне орай №1 Алматы облыстық балалар үйіне арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Алғыс айту күнінде №1 Балалар үйінен келген 200-ге жуық балаға арнайы дастархан жайылып, сұрақ-жауап пен ойындар ұйымдастырылды. Алматы Орталық мешітінің ұстазы Гүлмира Ілесбайқызы мен ұстаз Айнұр Шәймерденқызы балаларға дайындалған сыйлықтарды тапсырды. Сонымен қатар «Әл-Мадина» мешітінің бас имамы Көптілеуов Бақытжан балаларға қызықты оқиғалар айтып, әсерлі әңгіме айтылды. Балалар үйінің директор Роза Жақанқызы мен тәрбиеші ұстаздарына мешіт атынан алғыс хат табыстады. Кеш соңында балалар өз алғыстарын білдіріп, разылықтарымен бөлісті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі