«ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 30 ХАДИС» КІТАБЫНАН САЙЫС ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен «Жақсы кітап жан азығы» кітап оқу іс-шарасы бойынша Түрксіб ауданы, «Қайрат» мешітінде жарыс өтті.
«Жастарға арналған 30 хадис» атты кітап негізінде жарысқа Түрксіб ауданы бойынша 12 шәкірт қатысты. Тартысты да қызыққа толы өткен сайыста кітап авторы Исламтанушы, PһD докторы Асқар Әкімханов, Орталық мешіттің ұстазы Талғат Дайрабайұлы, «Қайрат» мешітінің бас имамы Данияр Елдосұлы қазылық етті. Жүлде қоры 150 000 мың теңге болған жарыс соңында бірнеше номинация бойынша шәкірттер марапатталды. Жүлделі 1 орын Қайрат мешітінің шәкірті Тұрсынжан Нұрайға бұйырды. 2 орын «Фирали Ферғанұлы» мешіт жамағаты Мұрсалбеков Мерей иеленсе, жүлделі 3 орынды «Қайрат» мешітінің шәкірті Палаубек Шыңғыс қанағат тұтты. Іс-шара соңында ұстаз Асқар Әкімхановтың иығына шапан жабылып, сый құрметін көрсетілді. Жастар әлеуетін көтеруге арналған іс-шаралар легі жалғасын таппақ.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі