«ҚАЛҚАМАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты «Қалқаман» мешітінде «Өмірімнің нұры, көңілімнің бақшасы - Құран» атты әйел жамағатына Құран Кәрімнен жарыс өткізілді.
Мешіттің бас имамы Руслан Қамбар алғысөз сөйлеп, сайысқа қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі. Өз тарапынан қасиетті Құран жаттаған әйел жамағатына «Мүфтият» баспасынан шыққан құнды еңбектерін сыйға тартты. Құран жарысына ҚМДБ «Әйел-қыздар секторы» Алматы өкілдігінің жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы мен қала мешіттеріндегі әйел ұстаздар қатысты. Құран Кәрімнің «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі сайыста 13 шәкірт бақ сынасып, 2 гран при жүлдегері мен жүлделі үш орын жеңімпаздарға бұйырды. Сонымен қатар ұзақ жылдар ұстаздық етіп жүрген Темірбаева Рәзия ұстазға шәкірттер атынан Ұмра қажылығына жолдама сыйлады. Құранға ықылас қойған әйел жамағатына дастархан жайылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата оқылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі