АЛҒЫС КҮНІНДЕГІ ТОСЫН СЫЙ
Бүгін Алатау ауданы мешіттерінің ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай жүрекке жылулық берген іс-шаралар өткізілді.
Алғыс айту іс-шарасына ауданның барлық мешіттерінің бас имамдары атсалысты. Ел игілігіне қызмет ететін 80 төтенше жағдай, өрт сөндірушілер мен ақ халатты дәрігерлер қауымы, қала тазалығына жауапты жандар мен басқа да сала мамандарына алғыс айтылып, тәттілер үлестірілді. Сонымен қатар 120 адамға түскі ас таратылып, дін қызметкерлері атынан алғыс айтылды. Тосыннан келген сый үшін барша сала мамандары ризашылығын білдірді. Алатау ауданы қайырымдылық бағытына жауапты Елдос Байдәулетұлы аудан көлемінде жақсылыққа жаршы болар іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі