«УАҚЫП - САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы қаласы Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысын таныстыруға арналған семинар болып өтті.
Семинарды ҚМДБ «Уақып» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Дайрабайұлы мен уақыптанушы, PhD докторант, «Уақып» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Куат Қабдолда жүргізді. Семинарда уақыптың қазіргі таңда қордың атқарылып жатқан жұмыстары кеңінен айтылды. Уақып – сарқылмайтын сауап, яғни адам қайтыс болса да артынан тоқтамай сауап барып тұратын амал екені айтылып, уақыпқа дүние қалдырудың көптеген жолдары бар екеніне тоқталды. Айта кетсек, үймен қамту, көпір салу, діни орталық салу, мешіт салу т.б. түрлері аталды.
Сонымен қатар «Уақып» қорының өкілі Қуат Қабдолда дін қызметкерлеріне басқа мұсылман елдеріндегі тәжірибемен бөлісті. Одан өзге мешіт ауласындағы бос орындарға жергілікті әкімшілік және кәсіпкерлермен бірігіп, кәсіпорындар мен сауда нүктелерін ашу секілді әртүрлі жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі