АЛАТАУ АУДАНЫНДА ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРДЫ
Алматы өкілдігі бекіткен жылдық жоспарға сәйкес Алатау ауданы мешіттерінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен екі бірдей іс шара өтті.
Аудандық «Бекет ата» мешітінде дін мен дәстүрді жаңғырту мақсатында ежелден қазақ дәстүр-салтының бірі «Құрсақ шашу» көрінісі қойылды. Дәстүр жаңғырған рухани іс-шарада 30 дан аса ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер қойылымға куә болды. Аудандық мешіттің бас имамы Амантай Садиев игі шараға қатысып, ақ батамен бастап берді.
Сонымен қатар, аудандық «Дархан» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған “Құран кәрім - құлшылықтың негізі” атты семинар өтті. Семинар мақсаты алда келе жатқан рамазан айын Құран құлшылығымен өткізу. Құранға деген махаббат пен құлшыныс-ізденісті арттыру болмақ. Аталмыш шарада Алия ұстаз және Қамария ұстаздар шәкірттерге ізгі қоғамның негізі Құран екендігін түсіндірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі