МЕДЕУ АУДАНЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРМЕН ТАНЫСТЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Медеу аудандық дін қызметкерлері өкілдіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасында 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялап, бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атаған болатын. Медеу ауданының бас имамы Асан Тілеубердиев «Нұрлы» мешітінде өткен жиында мүфтият жоспары негізінде Алматы өкілдігінің 2023 жылдық жоспарын аудан имамдарына таныстырып, атқарылатын іс-шараларға тоқталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі