БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен бірқатар Алматы имамдары марапатталды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстыру жиынында қала мешіттерінің бірқатар дін қызметкерлеріне бас мүфти алғыс хатын табыстады. «Асыл дініміздің өсіп-өркендеуіне және рухани құндылықтарымызды насихаттау жолындағы белсенді қызметіңіз бен сүбелі еңбегіңіз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, қызметіңізге береке тілеймін!», - делінген алғыс хатта.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі