БӨЛІМ БАСШЫСЫ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА ДӘРІС ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Орталық мешітте Алматы өкілдігіне қарасты және Алматы облысының әйел ұстаздарына дәріс оқыды.
Батыржан Берденұлы Алматы қаласына екі күндік іс-сапары аясында әйел жамағатымен кездесіп, бүгінгі таңда жамағатқа уағыз-насихат жүргізудің тәсілдерін түсіндірді. "Мүфтият бекіткен жеті бағыттың уағыз-насихат бағыты қоғамда зор маңызға ие", - деп атап өтті. Сонымен қатар мешіттерде уағыз-насихат, дәріс жүргізу кестелерін құру, ақпараттық-насихаттық хабарламаларын таратып, уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жайлы ұсыныс-пікірін айтты. Дәріс соңында Алматы Орталық мешіті әжелер тобының құран хатым батасын жасап, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға оқылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі