Алматыда «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық онлайн конференциясы өтеді
Ертең, 10 ақпан күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтеді.
Игі шара халқымыздың өткен тарихы мен руханиятынан сыр шертетін көне кітаптар көрмесінен басталады. Көрмеде тарихи қолжазбалар, діни-тарихи еңбектер қойылады. Басқосуға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ұлт зиялылары, елімізге танымал білікті ғалымдар, ҚМДБ басшылары, облыстардың бас имамдары мен Алматы қаласы мешіттерінің дін қызметкерлері қатысады деп күтілуде.
Конфереция барысында Тәуелсіздік және діни құндылықтар, рухани жаңғыру мен жастар тәрбиесі, ислами білім жүйесінің қалыптасуы, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдерін анықтау мен ақтау және өзге де өзекті мәселелері талқыланбақ.