ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған концептуалды құжаттарын таныстыру семинарын өткізді.
Жуырда ғана Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан семинарда ҚМДБ қабылдаған Концептуалды құжаттарды қала имамдарына, дін қызметкерлері мен ұстаздарына түсіндіріп, құжаттардың маңызы мен мәніне кеңінен тоқталған болатын. Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гүлмира Ілесбайқызының ұйымдастыруымен өткен семинарда қала мешіттерінің ұстаздары мен дін қызметінде жүрген қыз-келіншектерге концептуалды құжат мәні мен маңызы түсіндірілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі