"БӘЙКЕН" МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
Бостандық ауданы "Бәйкен" мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт мекенім" атты семинар өтті.
Діни психологиялық бағытта өткен семинараға 80-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Отбасы құндылықтары, әйел адамның жауапкершілігі мен ұрпақ тәрбиесі сынды өзекті тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, әйел жамағатына заманауи тәрбие үрдістерінен кеңес берілді. Семинарға жиналған қыз-келіншектерге дастархан жайылып, отбасылық ойлардан сұрақ-жауаптар алмасты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі