БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Алматы қаласына іс-сапары аясында шәкірттермен кездесу өткізді.
Алдымен «Әбу-Ханифа» медресе-колледж студенттерімен кездесу барысында Хасан Ташайұлы «Исламдағы ақылдың, логиканың орны. Мантық ілімі» турасында дәріс оқыды. Болашақ дін мамандарына білім-ілім алудың қажеттіліктері жайлы насихат айтылды. Сонымен қатар, «Көктөбе» қайырымдылық мекемесінің шәкірттеріне арнайы ат басын бұрып, қарилықпен қатар діни білім алудың маңыздылығы жайлы, ислам әдептері турасында дәріс жүргізді. Діни оңалту маманымен кездесуге 100-ден аса шәкірттер мен ұстаздар қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі