ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Жомарт жұма" қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында Нұрислам есімді жомарт жанның демеушілігімен жиырма отбасына 10 000 теңгеден 200 000 мың теңге қаржылай көмек берілді. Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Пернебекұлы Темірбек көмекке келген мұқтаж жамағатқа насихатын айтып, қаражаттарды табыстады. Көмек алған халық алғыстарын айтып ризашылығын білдірді. Қайырымдылық іске демеу болған Нұрислам ағамызға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі