ҰЛ БАЛАНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы өтті.
Іс-шара барысында Амантайұлы Самараддинің еміне 400 000 теңге қаржылай көмек берілді.
Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Пернебекұлы Темірбек Самараддиннің анасы сегіз бала дүниеге әкелген батыр ана Бөтагөз ханымға қаржылай көмек көрсетіп, 400 000 теңге сертификатын табыстады. Самараддиннің дертіне шипа тілеп, дұға жасады. Бөтагөз ханым барша атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді. Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі