"НАМАЗДАҒЫ ЫҚЫЛАС" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласы өкілдігі “Әйел-қыздар секторының” ұйымдастыруымен “Намаздағы ықылас” атты семинар өтті.
Жетісу ауданына қарасты "Әл-Мадина" мешітінде өткен семинарға 40-қа жуық қыз-келіншектер қатысып, рухани азық алып қайтты. Мешіт ұстаздары шәкірттерге аят-хадис негізінде тәлім беріп, мультимедия технологияларын қолдану арқылы қызықты бағдарлама жасады. Кеш соңында шәкірттер алғысын жаудырып, әсерлерімен бөлісті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі