ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
ҚМДБ Алматы өкілдігі Алатау аудандық мешіттері Тәуелсіздік күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізді.
.
Алатау аудандық "Бекет Ата" мешітінде желтоқсан құрбандарына арнап Құран оқылып, 150 адамға ас берілді. Аудан имамы Амантай Әбілдаұлы: "Қайғылы оқиға құрбандары ұлт болашағының мәңгі есінде. Тәуелсіздік таңына жеткізген боздақтарды Алла рахымына бөлеп, жандары жәннатта болсын", - деп дұға жасады. "Қарасай батыр" мешітінде 200 адамға ыстық тамақ таратылып, арнайы дұға жасалды. Тәуелсіздік күніне орай, Алла үйінің тұрақты жамағаттарына “Сайын даланың саңлақ ғұламалары” атты 10 кітапты сыйға тартты. "Көк-қайнар" мешітінде тұғырлы Тәуелсіздік мерекесіне орай 25 отбасына 200 кг ет таратылып, 1 мешіт ақсақалы мен тұрақты жамағатқа шипажайға жолдама берілді. Сонымен қатар мұқтаж отбасына 40 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Ұйымдастырушы мен демеуші жандарға Алла мол сауаптан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі