ҰЛ БАЛАНЫҢ ЕМІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы аясында Кеншінбаев Әсеттің отасы мен еміне 500 000 теңге қаржылай көмек берілді.
Алматы қаласы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Пернебекұлы Темірбек Әсеттің анасы Эльмира ханымға қаржылай көмек көрсетіп, 500 000 теңге сертификатын табыстады. Әсеттің дертіне шипа тілеп, дұға жасады. Эльмира жаным мен ұлы Әсет барша атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді. Қайырымдылық іске атсалысқан барша жанға Алла разы болғай!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі