«QAMQOR-SHARAPAT» ҚЫЗМЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету ұйымын таныстыру семинары өткізілді.
Семинарға Жетісу ауданы мешіттері имамдары мен Алматы қаласы 8 аудан бойынша жауапты өкілдері қатысты. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы қаласы Орталық мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылған болатын. Осы орталықтың директоры Талғат Дайрабайұлы өзекті мәселе болып табылатын жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.
Сонымен қатар «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызметі жолға қойылып, мәйітті арнайы тасымалдау (катафалк) үшін Орталық мешітте арнайы автокөлік алынғанын хабарлады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі